Испанияның оңтүстігіндегі Андалусияда орналасқан тарихи ескерткіш саналатын Кордова мешітінен өрт шықты.
Кордованың жергілікті билігі мен өртпен күрес қызметі мешіттен өрт шыққаны туралы жергілікті уақыт бойынша сағат 21:15-те хабарлады.
Хабарда сондай-ақ өрт сөндірушілердің тарихи мешіттің ішінен шықан өртті жақын маңдағы тұрғындардан ескерту алған соң сөндіруге көшкені айтылған.
Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Өртті сөндіруге 5 көлік пен арнайы техника тартылды.
Осыған дейін Францияның оңтүстігіндегі орман өрті Париждің көлеміндей жерді шарпығанын туралы жаздық.