Испанияда жеті адамды көлік қағып кетті

ИСПАНИЯ. ҚазАқпарат – Жұма күні Испаниядағы Кастилия-Ла-Манча автономды қоғамдастығында жеті адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің шұғыл көмек өңірлік қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлік қызметтің мәліметінше, оқиға Юнкера-де-Энарес муниципалитетінде болған. Төрт адам ауруханаға жеткізілді.

ABC газеті хабарлағандай, бұл әрекет қасақана жасалған. Көлік жүргізушісі ұсталды. EFE агенттігінің мәліметтері бойынша, күдікті бұл қадамға балаларды қамқорлығына алу құқығынан айырылуына байланысты барған.