«Бұған сене алар емеспін. Айтқым келетіні, бізде тіпті 5 еуро да болмаған күндерді бастан кештік», - деді мигрант жергілікті газетке берген сұхбатында. Ол таяуда жұмыстан шығарылғанын қосып айтты.
Басылымның атап өтуінше, 8 жыл бұрын Нгаме Мароккодан Испанияға адамдарға толы ағаш қайықпен өтпек болған. Ішінде 65 адам отырған қайық суға бата жаздады, бірақ Испанияның жағалаудағы күзеті ер адам мен оның зайыбын құтқара алған.
Мақаланың авторы El Gordo лотереясының әлемдегі ең танымалдарының бірі екенін атап өтеді.