Испанияда «жынданған» бұқадан 7 адам зардап шекті

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Испанияның Памплона қаласында бұқа жарысы өтіп жатқанына 3 күн болды. Дүйсенбі күні, 9 шілдеде «жынданған» малдан 7 адам ауыр жарақаттанды, деп хабарлады CNN телеарнасы.

Салмағы 500 келіден артық Қашқын атты бұқа сол жақта жақын отырған адамдарға шабуыл жасаған. Соның салдарынан Ұлыбританиядан келген 29 жасар турист оң жақ жамбасынан, оның жолдасы 20 жасар Ник Каучмен сол жақ жамбасынан жарақаттанды, деп хабарлады РБК.

Оқиғаға куәгер болған Л.Тарф журналистерге «ашуға мінген» бұқадан әрең дегенде жанын аман алып қалғанын айтты.

14 шілдеде бітуі тиіс фестивалдің 3 күнінде бірнеше мыңдаған адам зардап шекті. Жарысқа қатысушылардың 15-і ауыр жарақат алды, олардың арасында шетелдіктер - британдықтар, американдықтар, австралиялықтар мен жапондықтар бар.

Памплонада өтетін «Сан Фермин» мерекесі әдетте 6 шілдеде басталып 9 күнге созылады.