Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ — СІМ

АСТАНА. KAZINFORM — Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы теміржол апатына қазақстандықтардың қатысы бар-жоғы туралы түсініктеме берді.

Фото: ҚР СІМ

— Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. ҚР СІМ деректерді тексеруді жалғастырады, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Испанияның Толедо провинциясындағы жоғары жылдамдыққа арналған теміржол желісінде екі пойыз соқтығысып, апат салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.