Испаниядағы турнирде бүгін финалдық жекпе-жектер өтеді

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан бокстан Boxam Elite-2026 турнирінде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыласы анықталды. 

Ел құрамасынан ерлер арасында Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Аман Қонысбеков, Нұрбек Оралбай, Сағындык Тоғамбай, Нұрасыл Асылхан және Айбек Оралбай алтын жүлдеге таласады.

Ал әйелдер арасында Назерке Серік, Умида Садықова және Панар Сейітханкызы чемпиондық атақты сарапқа салады.

Ерлер

50 келі. Санжар Ташкенбай - Исмаэль Маграуи Фриа (Испания)
55 келі. Махмұд Сабырхан - Эллис Троубридж (Англия)
70 келі. Төрехан Сабырхан - Дипак (Үндістан)
75 келі. Аман Қонысбеков - Акаш (Үндістан)
85 келі. Нұрбек Оралбай - Ариан Саид Панах (бейтарап спортшы)
90 келі. Сағындык Тоғамбай - Эммануэль Рейес Пла (Испания)
90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Нұрасыл Асылхан.

Әйелдер

65 келі. Назерке Серік - Кайла Аллен (Англия)
80 келіден жоғары. Умида Садықова - Панар Сейітханқызы.
Еліміздің ерлер құрамасы үшін халықаралық турнир — Нұржан Насановтың жетекшілігімен өтіп жатқан алғашқы жарыс. Ол жыл басында Қайрат Сәтжановты алмастырған еді.

Финалдық жекпе-жектер бүгін, 7 ақпан күні өтеді