2014 жылдың бірінші тоқсанында жылжымайтын мүліктерді шетелдіктерге сату 27,2 пайызға ұлғайғаны тіркелді.
Испания нотариустары бас кеңесінің мәліметтері бойынша шетелдіктерге жылжымайтын мүліктерді сату көлемінің өсуі азиялық елдер инвесторлары санының арта түсуі есебінен көбейген. Атап айтқанда, қыытайлық сатып алушылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 83,1 пайызға өскен. Ең жоғары өсім - 88,9 пайыз - АҚШ сатып алушылары тарапынан болған. Ресейлік сатып алушылар саны 62,6 пайызға ұлғайды. 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы жылжымайтын мүлікті шетелдіктерге сатудың жалпы үлесі бүкіл мәмілелердің 19,4 пайызын құрайды. Шетелдік инвесторлар Баскілер елі, Каталония, Балеар аралдары, Астурия, Андалусия, Канар аралдары, Мадрид қаласы сияқты өңірлерге аса үлкен қызығушылық бідлдіруде. Мәселен, Мадридте жылжымайтын мүліктерді сатып алған шетелдік сатып алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда, 42,5 пайызға өскен. Португалия мен Кипрден кейін 2013 жылы қыркүйекте Испания да елдің жылжымайтын мүлкіне 500 000 еуро салған жағдайда елде тұруға ықтиярлық беру бағдарламасын бастаған болатын.