Испаниядағы апатты пойыздың машинисі жауап беруден бас тартып отыр

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын Сантьяго-де-Компостела маңында апатқа ұшыраған пойыздың машинисі ресми тұтқындалғаны хабарланған болатын. Испания полициясының мәліметіне қарағанда, машинист тергеу сұрақтарына жауап беруден бас тартып отыр. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, апат салдарынан 78 адам опат болып, 160-ы жарақат алды. Госпитальдерге 90 жолаушы жеткізілді. Машинист алған жарақатынан ауруханаға жатқызылып, оның жанына күзет қойылған.

Алдын ала мәлімет бойынша пойыз аталған учаскеде рұқсат етілген көрсеткіштен екі есеге жуық жоғары жылдамдықпен жүріп отырған. Испанияда аталған оқиғадан кейін үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды.