27 ақпанда Румыниядан 120 қонақ мейрамханада екі баланы шоқындыру рәсімін атап өткен. Олар тіскебасар, ыстық тамақ жеп, 30 шиша арақ ішіп үлгерген. Десерт беретін тұста олар билегісі келетіндерін айтып, мейрамханадан қашып шығып, көліктеріне мініп, ізім-ғайып жоқ болған
09:50, 04 Наурыз 2017
Испаниядағы мейрамханадан тамақтанған 120 адам ақысын төлемей қашып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Леон провинциясы Бембибре қаласында орналасқан «Кармен» мейрамханасының иелері клиенттері банкеттен кейін қашып кетіп, екі мың доллар көлемінде шығынға ұшырады, деп хабарлады Лайф.ру.