Қазіргі таңда 95 адам ауруханада жатыр, олардың 36-сы ауыр халде.
Естеріңізге сала кетейік, Галисиядағы Сантьяго-де-Компостела қаласының теміржол стансасы маңында пойыз апатқа ұшыраған болатын. Апат кезінде пойызда 218 жолаушы болған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 78 адам қаза болған.
Галисияда жеті күнге созылатын аза тұту жарияланды.