Испаниядағы Прадо музейі 900-ге жуық өнер туындысынан айырылып қалды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтегі Прадо музейінде болған аудиторлық тексеруден кейін мекеме басшылығы 885 өнер туындысының қолды болғандығын анықтады.

Прадо - әлемдегі ең ірі музейлердің бірі. Коллекциясы 27,5 мыңға жуық. Тек 2012 жылы өзге мекемелерге 176 туындысын жіберген. Сондай-ақ шетелдік көрмелерге 288 өнер шығармасын ұсынған.