Соңғы кезеңнің жеңімпазы словениялық Примож Роглич. «Астана» командасынан үздік атанған Михаэль Вальгрен 16-ші нәтиже көрсетті. Михаэльдің жеке сында жақсы көрсеткіші оның алда бір аптадан соң Бельгияда өтетін Ардендік классикалық сынға әзірлігін білдіреді.
Жалпы есеп бойынша «Басктер елінің Турының» бас жүлдесіне испаниялық Алехандро Валверде иеленді. Жеңіс тұғырының қалған екі орнына испандықтар Альберто Контадор пен Йон Исагирре көтерілді. Сергей Чернецкий қорытынды бойынша 21-орынға тұрақтады.