деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.
Оқиға түнде Барселонадан 50 шақырым жерде орын алды, голландтық туристер курорттық қалашықтан жағалауға саяхатқа шыққан болатын. Жол апатында сондай-ақ екі жүк машинасы және екі жеңіл автомобиль соқтығысып қалды. Ал автобуста 65-тен аса адам болды, жүргізушіден басқасы - голландтықтар. Жүргізуші де ауруханаға түсті. Оның ішімдік ішпегені анықталды, бірақ та бірқатар куәгерлердің айтуынша, жылдамдықты арттырған ол бұрылыста рульді басқара алмай қалған. Жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын тексеруде.