Испанияға тағы бір аптап ыстық келе жатыр

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Испания мемлекеттік метеорологиялық агенттігінің (Аеmet) хабарлауынша, келесі аптада Пириней түбегінің бір бөлігінде аптап ыстықтың кезекті толқыны болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қауіпті аймаққа Испанияның төрт автономиялық қауымдастығы кіреді: Кастилия-и-Леон, Кастилия-Ла-Манча, Андалусия және Экстремадура.

Бұл ретте соңғы екеуінде ауа температурасы 40 градустан асады. Жылу түбектің оңтүстік бөлігі арқылы еніп, батысқа қарай жылжитын ыстық және құрғақ африкалық континенттік ауа массасынан туындайды.

Испаниядағы температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін термометр бағандары елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында 35 градусқа дейін көтеріле бастады.

Испания мен Португалияда алғашқы жылу толқыны маусым айында болды.