Репортаж тележүргізуші Марта Рейеро жүргізген жаңалықтар бағдарламасында көрсетілді. Журналист Ноэми Баутиста оториноларинголог дәрігер Эстер Сота Эгисабальмен бірге Димаштың дауыс ерекшеліктері мен вокалдық диапазонына қатысты ерекшеліктерді талқылады.
Эфир барысында Димаштың «SOS», «Diva Dance» және «Stranger» композициялары орындалды. Сюжетте әншінің вокалдық диапазоны мен дауыс ерекшеліктеріне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ Димаштың вокалдық мүмкіндіктері Мэрайя Кэри, Лучано Паваротти және Мария Каллас секілді әлемге танымал әншілермен салыстырылды.
Бағдарлама жүргізушісі Димаш дауысының мүмкіндіктерін атап өтіп, «адамзат үшін мүмкін еместей дауыс» деп сипаттады.
Сюжет соңында: «алты октава әлеміне алып кете алатын әнші» деген тұжырым жасалды.
Айта кетелік Димаш Құдайбергеннің түрік тіліндегі алғашқы әні қалай өмірге келгені туралы жазған едік.