Испанияның жаңа премьер-министрі белгілі болды
Педро Санчес Испания үкіметінің төрағасы болып қайта сайланды, оның кандидатурасын депутаттар конгресінің 179 мүшесі – социалистер мен олардың солшыл одақтастары, сондай-ақ каталониялық және баск ұлтшылдары қолдады, деп хабарлайды Kazinfom Еuronews арнасына сілтеме жасап.
Халық партиясы мен әсіре оңшыл Vox «қарсы» дауыс берді.
Дауыс беру екі күнге созылған партия жетекшілері арасындағы пікірталастан кейін аяқталды. Онда Каталония сепаратистеріне рақымшылық жасау туралы өте даулы келісімге назар аударылды. Оған Санчес премьер-министр болып қайта сайлану қолдауы үшін келісті.
Санчес алты шағын партияның қолдауына ие болды. Бұл оған қайта сайлану үшін қажет 179 депутаттың (171 «қарсы») абсолютті көпшілігін алуға және солшыл Sumar («Біріккен күштер») партиясымен тағы бір азшылық коалициялық үкімет құруға мүмкіндік берді.