Испанияның Конституциялық соты Каталонияның референдум туралы жарлығының күшін тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Конституциялық соты (КС) шұғыл кеңес өткізіп, Каталонияның 9 қараша күні референдум өткізу туралы жарлығы мен сауалнама жүргізу туралы заңының күшін тоқтатты, деп хабарлады ВВС.

Конституциялық сот өкілінің айтуынша, бұл шара каталониялық мәселе ұлттық конституция талаптарына қайшы еместігін анықтауға қосымша уақыт беріп отыр. Дүйсенбі күні Испанияның министрлер кабинеті Каталонияның тәуелсіздігін алу үшін ұйымдастырылғалы отырған қадамының заңдылығын анықтау туралы КС-ке жүгінген болатын. Сәуір айында Испания парламенті Каталонияға референдум өткізуге тыйым салған болатын.