Испанияның солтүстік-батысында 100-ден астам өрт болып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбіден жексенбіге қараған түнде Испанияның солтүстік-батысындағы Астурия аймағында болып жатқан өртпен күреске шамамен 230 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

«Жалынды сөндіруге шамамен 230 өрт сөндіруші, ерікті азаматтар, азаматтық гвардия және азаматтық қорғау өкілдері қатысып жатыр», - деген өрт сөндірушілер өкілінің сөздерін келтірді агенттік.

Қазіргі кезде өрттің жүзден астам ошағы тіркелген, деп жазады ТАСС.