Испанияның жаңа премьері ант қабылдар алдында Киелі кітапты алып тастауды сұрады
23:12, 02 Маусым 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда жаңа премьер-министр пайда болды. Үкімет басшылығына сенбі күні ант қабылдаған социалист және атеист Педро Санчес келді, деп хабарлайды ВВС.
Санчес премьер-министр лауазымын иеленген Испания тарихындағы алғашқы атеист атанды. Ант қабылдар алдында ол осындай ұлықтау рәсімінде дәстүрлі түрде қолданылатын крест пен Киелі кітаптың болмауын сұрады.
Санчес үкіметті ең кемінде екі жыл, яғни келесі парламент сайлауына дейін басқармақ ниетте.
46 жастағы социалистер көшбасшысы өзге алты испандық партияның қолдауына ие болып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты туындаған жанжалдан кейін премьерліктен кеткен Мариано Рахойдың орнын басты.
Рахой болса, қазіргі Испания тарихындағы парламент сенімсіздік танытқан алғашқы премьер атанды.