Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша өткен аптада республика аумағында мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен «Іссіз бос отырма» акциясы өткен. Оның басты мақсаты кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру арқылы жастар ортасындағы, оның ішінде ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
«Жазғы және мектеп жанындағы лагерьлерде 900 мың бала демалып, 200 мыңға жуық бала демалыстың басқа да түрлерімен қамтылды. Оның ішінде алдын-алу есебінде тұрған 9 мың және қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан 16 мың кәмелетке толмаған балалар белсенді демалысқа тартылды», - деді ол.
15:42, 20 Шілде 2011
«Іссіз бос отырма» акциясы аясында алдын-алу есебінде тұрған 9 мың және қолайсыз отбасыда тәрбиеленуші 16 мың жасөспірім демалысқа тартылды
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Іссіз бос отырма» акциясы аясында алдын-алу есебінде тұрған 9 мың және қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан 16 мың жасөспірім белсенді демалысқа тартылды. Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.