Ыстамбұл мэрі түрмеге жеткізілді

АНКАРА. KAZINFORM — Сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тұтқындалған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу Ыстамбұлдың Силиври ауданындағы түрмеге жеткізілді, деп жазады ТАСС.

Фото: Oxu.az

Имамоглу сот процесі уақытында сол жерде болады. Мэр және басқа да айыпталушылардың түрмеге жеткізілгені түсірілген кадрлар A haber телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Түрмеге кіреберісте полиция қоршаулары орнатылып, келген барлық көліктер мен жүргізушілердің, жолаушылардың құжаттары тексеріліп жатыр. Түрме маңында полицияның арнайы жасақтары мен су атқыштары кезекшілік етуде.

Ыстамбұлдың қылмыстық соты бүгін таңертең Имамоглуды бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім шығарды. Оған екі іс бойынша — әкімдіктегі «сыбайлас жемқорлық» және «терроризмге көмектесу» айыптары тағылды, бірақ сыбайлас жемқорлық ісіне байланысты қамауға алынды. Терроризм ісі бойынша Имамоглу сот бақылауымен босатылды. Мэрмен бірге 50-ге жуық адам қамауға алынды, олардың арасында қалалық әкімдіктің жоғары лауазымды қызметкерлері де бар.

Имамоглу мен басқа да айыпталушылар екі апта ішінде бұлтартпау шарасына шағымдана алады. Мэрдің заңгерлері аппеляциялық шағым түсірмекші.

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған Ыстамбұл мэрі қамауға алынғанын хабарладық.