Алынған ақпаратқа сәйкес, соңғы тәулікте Ыстамбұлда барлығы 38 адам қолдан жасалған алкогольді ішу салдарынан уланған. Ауруханаға түскендердің 11-і қайтыс болды.
Полиция оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жұмыстарын бастады.
Ауруханаға келгендердің 26-сы шетелдік екені белгілі болды.
Осы оқиғаға қатысты екі Түрікменстан азаматы қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бүгінгі таңда жалған алкогольдік сусындардан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының саны 6-ға жетті. Оның 5-еуі ер адам, 1-і әйел адам.
Естеріңізге сала кетейік, Ыстамбұлда бір күнде 5 Өзбекстан азаматы қолдан жасалғанған ішімдіктің кесірінен қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.