Ыстамбұлда ауруханаға қарулы шабуыл жасалып, бес адам жарақат алды
АСТАНА. KAZINFORM — Ыстамбұлдағы аурухананың жедел жәрдем бөліміне жасалған қарулы шабуылдан бес адам зардап шекті. Бұл туралы TRT Haber арнасы хабарлады.
Оқиға қаланың еуропалық бөлігіндегі Бахчелиэвлер ауданында болды. Әзірге аты-жөні анықталмаған шабуылшылар департаменттегі адамдарға оқ жаудырған.
«Бір полицей, жандармерия өкілі, күзет компаниясының қызметкері және екі бейбіт тұрғын жараланды», - деп хабарлайды телеарна.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің денсаулығына айтарлықтай қауіп жоқ.
Оқиға орнынан шабуылдаушылар тастап кеткен көлік табылды. Полицейлер оларды іздестіріп жатыр.
Айта кетейік, Бүгін Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу мырзамен Қазақстан мен бауырлас Түркия арасындағы достық және стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарды талқыланды.