Ыстамбұлда балалар өліміне кінәлі дәрігерлерге қатысты сот ісі басталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Бүгін Ыстамбұлда «жаңа туған сәбилер бандасы» деп аталатын атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Бұл көптеген баланың өліміне әкелген медицина қызметкерлерінің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты.

Фото: pexels.com

Түркиядағы қылмыстық топ жеке пайда табу үшін жаңа туған шақалақтарды жеке меншік клиникаға жолдап отырған. Ол жерде балалар өздеріне мүлде қажет емес, болашақта өлімге әкелуі мүмкін ем қабылдаған. Осылайша, дәрігерлер, медбикелер және аурухананың басқа қызметкерлері «қара» схеманы ұйымдастырған.

Бұл жеке меншік клиникалар қылмыскерлермен сыбайлас болған. Олар қалтаның қамы үшін тиісті ем көрсетілуі керек балаларды емдемей, ал дені сау балаларды жан сақтау бөлімінде еш себепсіз ұстаған.

Зерттеу нәтижелері қылмыскерлер бұл схеманы балалардың емі мен диагностикасынан, дәрілерді қымбаттатудан, медициналық процедураларға бағаны өсіруден пайда табуды көздегендерін көрсетеді. Қылмыстарын жасыру үшін жалған құжаттар қолданған, 10 баланың өліміне бірнеше жеке меншік медициналық мекеме айыпталса да, схеманы құрастырушылар ауыр жазаланады.

Қылмыскерлерді ұзақ жыл түрме жазасы күтіп тұр. Мысалы, Фырат Сары, Илкер Генен мен басқа да дәрігерлерге 177 жылдан 582 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қылмыстық топ құрамында медициналық мекемелер мен «Авджилар Хоспитал» және «Шафак Хоспитал» жеке меншік ауруханалар қызметкерлерін қоса алғанда 47 адам бар.

Сот басталғаннан кейін жергілікті билік жеке меншік медициналық мекемелерге бақылауды күшейтіп, денсаулық сақтау саласы саясатын қайта қарауды мақсат етіп отыр.