Ыстанбұл аэропорты отбасы үшін әлемдегі ең қолайлы әуежай атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Әуежай бұған дейін де аталмыш марапатқа ие болған, деп жазды Анадолы.
Ыстанбұл халықаралық әуежайы (İGA) жыл сайынғы бес жұлдызды әуежайлар рейтингі бойынша отбасылы адамдар үшін әлемдегі ең әуежай атанды.
Бұл атақты Skytrax халықаралық авиациялық рейтингтік ұйым береді.
İGA әуежайының әлеуметтік желідегі парақашасы Ыстамбұл әуежайы Skytrax шеңберінде осы мәртебелі атаққа тағы да ие болғанын атап өтті.
— Демалыс аймақтарынан бастап, балалар арбаларына ыңғайлы орындар, ойын алаңдары мен отбасыларға арналған приоритетті сервистерге дейін — әр сапардың қамқорлық пен жайлылықпен басталатынынан мақтанамыз. Стамбул әуежайында отбасы әрқашан бірінші орында. Біз İGA командасына, сондай-ақ бізді таңдаған барлық отбасылар мен кішкентай қонақтарға шын жүректен алғыс айтамыз, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Копенгаген әлемдегі ең бақытты қала деп танылды.