АСТАНА. KAZINFORM – Ыстанбұлдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде болған өрттен қаза тапқандар саны 29 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ бір адам зардап шекті.
Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт жөндеу жұмыстары кезінде шыққан.
Мекеме Бешіктас ауданындағы 16 қабатты ғимараттың астында орналасқан.
Тілсіз жаумен күреске 31 өрт сөндіру көлігі мен 86 өрт сөндіруші тартылды. Жалын сөндірілді.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.