сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасымен істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру ұсынылады.
Атап айтқанда, істердің әрбір сот сатысында міндетті түрде кезең-кезеңімен өтуі ұсынылып отыр. Бұл ретте бір және сол соттың (облыстық) аясында екі саты сақталады (апелляциялық, кассациялық).
Апелляциялық сатыдағы сот істі мән бойынша қарайды, оның істі бірінші сатыдағы сотқа қарауға жіберу құқығы алып тасталады.
Кассациялық сатыдағы сот заңды күшіне енген сот актілерін олар апелляциялық тәртіппен қайта қаралғаннан кейін ғана қарайтын болады. Қадағалау сатысындағы сот та (Жоғарғы Сот) заңды күшіне енген сот актілерін қарайды, бірақ олар кассациялық тәртіппен қайта қаралған соң ғана қаралады.
Аталған құжат бойынша ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Бектас Бекназаров баяндама жасады.