Ыстық, тұман, жел: 24 тамыз күнгі ауа райы болжамы жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 21 тамызда ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Фото: bolzhau.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады. Жел тұрып, елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Батыс, оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанған.

Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болып, түнгі және таңертеңгі уақыттарда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта тұман болуы ықтимал.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында 35 38°С, Атырау облысында 34 39°С, Маңғыстау облысында 37 42°С қатты ыстық болады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында қыркүйек айының басында ауа райы ыстық болғанымен, кейін өңірдің жекелеген аудандарында үсік жүруі мүмкін.