Клиент сырғасының жоғалғанын айтқанда, шаштараз бүкіл үйді қарап, ештеңе таппаған. Осылан кейін кішкентай ит - Чихуахуаға күдік түсті. Ветеринар қымбат әшекейдің жануардың асқазанында жатқанын растады.
Чихуахуаға құстыратын дәрі берді, алайда сырғаны қайтаруға мұның еш көмегі болмады. Алдағы екі күн бойы шаштараз жұмысты қойып, итін аңдумен болды. Әйтеуір соңында сырға табылды.