Бұл жайлы KATU News хабарлайды. Ит иелері оны жер астынан әлдекімдердің ұрпақтарына қалдырған капсуласын тауып алды деп ойлаған. Жануардың тауып алған "олжасына" анықтап қараған иелері бірден полиция қызметкерлеріне хабарласады. Шақыртуға келген офицер иттің 425 грамм героинді қазып алғанын анықтады.
Жаңалық порталының мәліметінше, мұндай көлемді есірткінің қара базардағы құны шамамен 85 мың долларды құрайды.