Ит әйелді аюдың тырнағынан құтқарып қалды
16:20, 02 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше кешкі уақытта Иркутск маңында Нижнеилимский ауданындағы Хребтовая кентіне аю келген. Жыртқыш өз үйінің ауласына шыққан зейнеткер әйелге бас салды.
Әйелдің қатты шошынған айқайын естіген иті жүгіріп келген. Жыртқыш аңға тынымсыз абалап үр ит иесіне осылай көмектесті. Аю тырнағынан босанған әйел үйіне кіріп кетті де, шұғыл қызметтерді шақырды.
Аю орманға қашып кетті. Оның ізімен жүрген аңшылар аюды тауып алып, атып тастады, деп баяндады ІІМ-нің облыстық баспасөз қызметінің басшысы Герман Струглин.