Ұжымда ер адамдармен қатар нәзік жандар да жұмыс істейді. Жануарларға деген сүйіспеншілік оларға мамандық таңдауда бағдар болды. Наталья Дрожжинаның аталған кинология бөлімін басқарып келе жатқанына 19 жыл толып отыр. Оның қызметі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Натальяның өз міндетін жоғары деңдейде орындауына сүйікті иті көмектеседі.
«Төрт аяқты досым Рэм бірбеткей және қыңыр мінезді. Бірақ ол әр тапсырмаға ден қойып, орындауға әзір. Жұмыстың сәтті орындалуының 80%-ы иттерге байланысты. Кез-келген төтенше жағдайда, мысалы, қираған ғимараттардың арасында ит құтқарушыларға дұрыс жол көрсетіп, жәбірленушіні тезірек табады», - дейді ол.
Наталья жұмыстан бос уақытын да үй жануарымен бірге өткізеді.
Иттерді бала күнінен жақсы көретін Марина Цуканова бұл салада жұмыс істеп жүргеніне риза.
«Иттермен жұмыс істегенде ең бастысы мейірімділік қажет. Жұмыста кәсіби маман болсам, үйде анамын. Қыста балаларыммен бірге табиғатқа шығып шаңғы тебуді жақсы көреміз. Әрине, үй жануарларымызды өзімізбен бірге алып келеміз. Иттерді шанаға жегіп, балаларды сырғанатамын, - дейді Марина.