Ит қарулы тонаушыдан иесін де, дүкенді де қорғап қалды (ВИДЕО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Маноск қаласында орналасқан дүкенді белгісіз біреу тонамақ болған. Қожайын дүкенді жаппақ болып жатқанда тонаушы кіріп келіп, оны қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны беруді талап еткен.

 Бірақ, қожайынның иті қаскөймен айқасып,  қылмыскерді дүкеннен қуып шықты, деп хабарлайды RT.