«ІТ-киіз үй» орталығы жұмыссыз жастарды ІТ-технологияларды тегін игеруге шақырады

None
ӨСКЕМЕН. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «ІТ-киіз үй» интеллектуалдық орталығы жұмыссыз жастарды бәсекеге қабілеттілікті көтеріп, жұмыс іздестіруді кеңейту үшін ІТ-технологияларды тегін игеруге қабылдап жатыр.

Кітапханаларды дамыту орталығынан хабарланғандай, тренингтер 2012 жылдың 4 қаңтарында басталады. «Интеллектуалдық киіз үйдің» тегін курстарының тыңдаушысы болу үшін сауалнаманы толтырып, лекциялардың қажетті курсын таңдау керек. Тілек білдіруші азаматтарға таңдау үшін ІТ-бағдарламалардың 10 түрі ұсынылады, олардың әрқайсысының қажетті сағат саны - 6 сағаттан 20 сағатқа дейін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, желтоқсанның ортасында Өскемендегі А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «ІТ-Киіз үй» интеллект-орталығы ашылды. Жоба Шығыс Қазақстан кітапханашылары қауымдастығы қызметкерлерінің бастамасымен, ЕIFI халықаралық ұйымның қаржылық қолдауымен құрылды. Жобаның мақсаты - 19-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға бәсекеге қабілеттілікті көтеру, жұмысты іздестіру үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды игеруге көмектесу.

ІТ-Киіз үй ең заманауи ақпараттық-коммуникативтік құралдармен, сымсыз байланыспен, ұйымдастыру техникаларымен жабдықталған.