«Біз біраз уақыттан бері ІТ-мамандарды даярлап келеміз, сонымен қатар ІТ-технологиялар да күн сайын өзгеріп отыратыны белгілі. Сондықтан да түлектер білім беру ұйымдарын тәмамдап шыққанша, ІТ-қоғамдастық тарапы өздерінің білімдері ескіріп жатқанын айтуда. Осыған байланысты ІТ-қоғамдастық бір жарым жылда базалық білімі бар жастардың біліктілігін шыңдауға дайын. Бұл жас мамандар бүгіндегі кәсіпорындарда, ұйымдарда және жалпы экономикада туындаған қажеттіліктің орнын толтырар еді», - деді Тамара Дүйсенова.
Оның сөзіне қарағанда, білім беруді қаржылындыру көзі ретінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы таңдалды.
«Осы жобаның ең басты талабы - ІТ-орталық түлектері жұмысқа тұруда бір жыл бойы «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдауға ие болады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жастарды соңғы буынды цифрлық технологияларға оқытуды ұсынуда. Барлық ІТ-орталықтар елорданың жаңа технологиялық алаңы Astana HUB-пен интеграцияланады. Бұл тұрғыда осы технологиялық алаңдарда жұмыс істейтін болашақ мамандарды даярламақпыз. Мойындау керек, бүгінде бұл алаңдарға Украина, Беларусь және Еуропа елдерінің мамандары тартылып келеді», - деді Тамара Дүйсенова.