Ит көлік қаққан тұқымдасын «тірілтпек» болған

АСТНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Нианли қаласында (Чжэцзян провинциясы) ит жарты сағат бойы машина қағып кеткен тұқымдасын «тірілтуге» тырысқан.

 Бұл туралы Huanqui.com хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, итті машина басып кеткеннен кейін екінші төбет арлы-берлі ағылып жатқан көліктерге қарамай оны тұмсығымен және табанымен жұлқып, «оятуға» тырысқан.

Оны көрген адамдар жануарды жолдан алып өтіп, жүргіншілер жолына қойды. Алайда, ол өлген иттің қасынан айналшықтап кетпей қойған.