АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Америкалық алдыңғы қатарлы технологиялық компаниялардың басшылары АҚШ Президенті Барак Обамадан үкіметтің азаматтарға тыңшылық жасау бойынша құпия бағдарлармаларды жабуына ықпал жасауын өтінді.
Бұл хатқа қол қойғандардың ішінде Apple, Facebook, Google, Microsoft және басқа да компаниялардың өкілдері бар.
Осының алдында АҚШ Президенті мен конгресске IT-компаниялар тарапынан осы тектес хат жіберілген болатын. Онда арнайы қызметтің қазіргі кездегі ақпарат жинау тәжірибесі азаматтар еркіндігіне нұқсан келтіретіндігі сөз болды.
Интернет алпауыттардың пайымынша, америкалық үкімет іс-қимылының ауқымын қадағалау қажет.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.