К. серіктестікте IT маман ретінде жұмыс істеген және материалдарға жауапты адам болған.
Сөйтіп өзіне сеніп тапсырылған құны 57 млн теңгеден асатын ұйымдастыру техникасын талан-таражға салып, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңселерге жұмсап жіберген.
Сотталушы апелляциялық шағым беріп, тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрады.
Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы К-нің өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны дәлелденгенін және жазаның кінәлі адамның жеке басына және туындаған зардаптарға сәйкестігін ескере келе үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Сотталушы компанияға келген залалды өтеген жоқ.
Үкім заңды күшіне енді.