деп хабарлады Assotiated Press.
Ит 5 қараша күні тапқанын 93 жастағы иесінің үйіне алып келген. Бұл үй Сиэтладан 72 шақырым жердегі үндістердің резервациясында орналасқан. Өзін кісі өліміне айыптауы мүмкін деген қорқынышта болған қария итінің тістеп әкелгені жайлы полицияға хабар бермеген. Сенбі күні қызына ғана айтқан. Артынша іздеушілер әр жерден дененің қалған бөліктерін тапты.
Тергеушілер із-түзсіз жоғалғандар тізімін тексеріп жатыр.