Ол жерде науқастар жануарлармен, бірінші кезекте иттермен араласады, бұл психикалық аурулармен ауыратын науқастар терапиясына оң әсер етеді.
Тәжірибе үш жасар неміс овчаркасы Шанельден басталды. Ол адамдармен қуана-қуана араласады, сол арқылы науқастарға дертінен айығуға көмектеседі, деп хабарлайды Euromag. Шанельден басқа, Белла есімді бордер-колли иті де игі іске кірісіп кетті. Зоотерапия пет-терапия сынды белгілі сала. Жануарлар адамдардың көңіл-күйін тыныштандырып, мейірлендіре түседі. Оның ішінде әсіресе, иттер күйзелісті еңсеруде, агрессия ұстамасын қалпына келтіруде оң ықпал етеді. Бұдан басқа, иттің иіс сезу қасиеті арқылы ауруға диагностика жасау әдісі де бар.