Әйелдің айтуынша, ол өзінің ұлын соңғы рет бір жыл бұрын көрген, ол әкесімен бірге Кубаға туыстарына кеткен болатын. Одан кейін жұбайы Сирияға кетіп, содырлар қатарына қосылған, сонда ол қазаға ұшыраған. Итальяндық әйел күйеуі лаңкестер қатарына қосылады деп ешқашан ойламаған.
Қазіргі кезде ол БАҚ көмегімен баласын іздестіруде.
Бұдан бұрын «ФедералПресс» «Ислам Мемлекетінің» лаңкестері бес жасар балаларды ұрлап, жаттығу лагерлерінде соғысқа үйрететінін хабарлады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы барысында Валери Амос ең кішісі бестегі кәмелетке толмаған 350 бала "Ислам Мемлекетінің" Раккедегі лагерінде лаңкестікке оқытылып жатқанын туралы мәліметтерді жариялады.