Баланың тұншыққандықтан өлгендігі зерттеу-сараптау барысында белгілі болды.
Қазіргі уақытта баланың өліміне байланысты тексеру жұмыстары жалғасуда. Ер адам бұндай қадамға жүйке аурулары салдарынан баруы мүмкін делінуде. Ол баланы асырап алу кезінде мұндай деректі жасырып қалған көрінеді. Дүйсенбі күні сағат 11:30-да (13:30 Мск) тергеу басталады.
Благовещенскте туған баланы асырауға беру туралы шешімді Амур облыстық соты шығарған. Оны италиялық Массимо Маравалле мен Патрицией Сильвестри асырап алған. Құжаттары 2012 жылы рәсімделген. Бала елшіліктің есебіне РФ азаматы ретінде тіркелген.