Итальяндық дизайнерлер Дольче мен Габбана бостандыққа шығуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Доменико Дольче мен Стефано Габбанаға қатысты қылмыстық іс негізсіз деп табылды. Бұл туралы ntv.ru хабарлады.

Итальяндық дизайнерлер Доменико Дольче мен Стефано Габбанаға қатысты қылмыстық іс ойламаған жерден басқа арнаға бұрылды.

Өткен жылы салық төлеуден жалтарғаны үшін әлемнің ең ірі дизайнерлік компанияның басшыларына қатысты 1 жылға және сегіз ай бас бостандығынан айыру және 340 миллион еуро көлемінде айыппұл салу шешімі шығарылған болатын. 2004 жылы Дольче мен Габбана өздерінің Dolce & Gabbana брендін люксембурлік Gadо компаниясына сатып жіберген болатын. Тергеушілер Дольче мен Габбана бұл компанияны салықтан жалтару үшін әдейі құрған және 1 млрд. еуро шамасында салықтан құтылып кеткен деп есептейді.

Дизайнерлердің өздері бұл айыпты мойындаған жоқ және егер тергеу тоқтатылмаса, бұл бизнесті мүлдем жауып тастайтындықтарын мәлім еткен. Соттың жаңа отырысында прокурор ойда жоқта оларға тағылған айыпты негізсіз деп атап, люксембургтік компаниямен болған келісім заң аясында болды деп мәлімдеме жасады. Сонымен қатар аппеляциялық сотқа Дольче мен Габбананы ақтау жөнінде ұсыныс тастаған.