25 жастағы Морозини Пескара қаласында "Ливорно" клубы атынан шығып, «Б Сериясы» матчының 31-ші минутында есінен танып қалды, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Футболшының кенеттен құлағанын байқаған судья ойынды тоқтатады. Дәрігерлер дефибриллятор арқылы Морозиниді өмірге қайтаруға тырысады. Кейіннен футболшыны ауруханаға жеткізгенмен, оны құтқаруға мүмкін болмады. Оның өліміне жүректің тоқтап қалуы себеп болды.