Итальяндық мафияның серкесі тұтқындалды

None
АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Еуропадағы ең қауіпті және ең ірі есірткі сатушылардың бірі, Италия мафиясының серкесі - Роберто Паннунци құрықталды.

Оны АҚШ пен Колумбия полициясы бірлесіп, Колумбия астанасында қолға түсірді, деп хабарлайды 24.kz .

Паннунци 2010 жылдан бері іздеуде жүрген. Бұған дейін екі рет сотталып, бірақ екі жолы да жазасын толық өтемей, амалын тауып қапастан сытылып шыққан оған осы жолы «Колумбия мен Италия арасында есірткі тасымалдады» деген айып тағылып отыр. Еуропадағы ең қауіпті қылмыстық топтардың серкесі кәрі құрлыққа ай сайын 2 тоннаға жуық кокаин жеткізеді деген ақпар да бар. Шетелде жалған құжатпен жасырынып жүрген ол отаны Италияға экстрадицияланды.