Итальяндық өрт сөндірушілер апат аймағынан 215 адамды құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия ұлттық Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері елдің орталық бөлігінде орын алған жер сілкінісі аймағынан 215 тірі адамдарды құтқара алды, деп хабарлады Римде брифингте префект қызметінің басшысы Бруно Фраттази.

Ол   Риети провинциясында 200 адам, Марке облысының әр елді мекендерінен тағы 15 адам құтқарылғанын нақтылады, деп хабарлады РИА Новости 

Фраттазидің айтуынша, қазір апат аймағында 2027 өрт сөндіруші, 400 бірлік техника жұмыс  істеуде.  

Италияда 6,0 магнитудалы күшті жер сілкінісі 24 тамыз, сәрсенбіге қараған түні орын алды. Үш қала - Лацио, Умбрии және Марке зардап шекті. Әзірге сейсмикалық белсенділік тоқтаған жоқ,  сейсмологтар соңғы тәулікте жер сілкінісі аумағында 500-дей жер асты дүмпуі, оның ішінде 20-дан астам дүмпу күшті және орташа күшті деңгейде тіркелді.

Ресми деректерге сәйкес апат салдарынан 241 адам қаза тапса, 264 зардап шегуші ауруханада жатыр.