Әлемдік жұлдыз елорданың 14 жылдығын тойлау күндері өтетін «Дыбыс өзені» атты классикалық музыканың соңғы кешінде өнер көрсетуге дайындалуда.
Катальдо Капуто Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» («Lelisir damore») атты операсындағы Неморино партиясын орындайды. Оны және әлемдік опералық сахнаның басқа жұлдыздарын Астана тұрғындары мен қонақтары Есіл өзенінің жағалауында 5, 6 және 7 шілде күндері тамашалай алады.