Олар бұл туннель арқылы қала орталығында орналасқан зергерлік дүкенінің астынан кіріп, тонап кетпек болған көрінеді.
La Repubblica газетінде қылмыскерлердің есімдері жарияланды. Олар: 43 жасар Марио Каталано (Mario Catalano), 48 жасар Марио Ланцаротти (Mario Lanzarotti), 22 жастағы Розарио Альбикокко (Rosario Albicocco) және 38 жасар Сальваторе Грассо (Salvatore Grasso).
Ұсталғандар жер астына кәріз қақпағы арқылы түскен. Бір ай бойы олар Ачиреале қаласының тарихи бөлігінің астында қазба жұмыстарын жүргізіп, көздеген дүкенге бірнеше метр қалғанда ғана қолға түскен.
Қазір істі Катания прокуратурасы қарап жатыр.