деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиостансасына сілтеме жасап.
Альпинистер Альпінің Экрен алабының солтүстік-шығысында орналасқан атақты Мейже шыңына көтерілмек болған. Шыңның оңтүстік бауырымен тізбекпен көтеріліп келе жатқан олар оқиға кезінде теңіз деңгейінен 3 400 метр биіктікке болған.
Альпинистердің бірі құлап кетіп, қалған екеуін өзімен бірге алып кеткен. 400 метрлік биіктіктен құлаған олардың ешқайсысы аман қалмаған. Құтқарушыларды сол шыңға көтеріліп бара жатқан басқа альпинистер шақырған.