Итальяндықтар 200-ге жуық тірі ағаштан үй салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Турин дизайнерлері тұрғын үйді салу үшін 200-ге жуық тірі ағашты пайдаланды. Тірі декорациялардың ерекше функциясы бар - олар жазда күн көзінен қорғаса, қыста оны өткізіп отырады.

«Ағашта тұрып жатқандай әсер аласың» - итальяндық Туринде орналасқан бес қабатты ерекше үйді осылай суреттеуге болады. Сәулетші Лучано Пийдің туындысы, шебердің өзінің айтуынша, балалық шақтағы арманын еске түсіреді.

Day.Az-дың хабарлауынша, нағыз қалалық джунгли сияқты үйдегі 63 пәтердің әрқайсысында үлкен мыс құмыраға екі ағаш салынған террасасы бар.

Бұл ғимаратта террасаларға салынған барлығы 150 ағаш бар. Тағы 50 ағаш үйдің бақшасында өсіп жатыр. Жасыл ағаштар нағыз микроклиматты құруда, олар сағатына 200 мың литрдей көмірқышқыл газын сіңіріп алады.